Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жыл сәби күткен алматылық ерлі-зайыпты Украинадан эвакуациялау кезінде балалы болды

Украинадан Алматыға эвакуацияланған ерлі-зайыптылар ата-ана атанды. Олардың 8 жыл күткен сәбиі жолда өмірге келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Украинадан 155 қазақстандық елге оралды. Олардың жетеуі – бала. Бұл әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтан келген төртінші эвакуациялық рейс. Барлығы 580-нен астам азамат елге оралып үлгерді. Келгендер елшілік қызметкерлеріне туған жерге аман-есен оралғаны үшін зор алғыстарын білдіреді.

"Қазақстанның Украина мен Польшадағы консулдығы мен елшілігіне үлкен рахмет. Олар орасан зор жұмыс атқарды. Киев тұрғындарын эвакуациялады, жалпы Украина тұрғындарын эвакуациялады. Өте тамаша логистика. Олар барынша күш салды", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Зафар Сүлейменов.

Отанына оралғандардың арасында алматылық отбасы да бар. Украинадан эвакуациялау кезінде Бауыржан Игіліков пен оның әйелі ата-ана атанды. Ата-анасы да, баласы да Қазақстанға келіп үлгерді. Сәби аман-есен дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар баланы 8 жыл күткен.

"Әйелім жолда босанды. Дәлірек айтсақ, эвакуация кезінде Хмельницкий перзентханасында босанды. Әйелім жүктіліктің қырқыншы аптасында еді, дәрігерлер оны қабылдауға келісті. Бастапқыда ол Киевте босануы керек еді, бірақ бізді қабылдаудан бас тартып, олардың ғимаратына шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті. Кейін осы перзентханаға зымырандық шабуыл жасалғанын білдік", - деді Алматы тұрғыны Бауыржан Игіліков.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 17:54
Талқылау