8 наурызда қарағандылық анасын өлтіріп, өзі бесінші қабаттан секіріп кетті
8 наурыз мереке күні Қарағандыда 33 жастағы тұрғын өз анасын өлтіріп, бесінші қабаттың балконынан секіріп мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ер адам емханаға ессіз күйде жеткізілді.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның хабарлауынша, ер адам ауруханаға жеткізілгенде көз қайтыс болған.
Ол бесінші қабаттан секірер алдында анасын өлтірген.
Көршілер әйелдің қатты шыққан даусын естіп полиция шақырған. Алайда, пәтерге келген Михайлов бөлімінің полицейлерін ер адам үйіне кіргізбеген. Артынша өзі балконнан төменге секіріп кеткен.
Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Біздің қызметкер қылмыс орнына барды, бірақ нақты не жағдай болғаны әлі белгісіз. Күдікті көз жұмса да, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады», – деп хабарлады аудандық прокуратура.
Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияров «Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатқанын бірқатар сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде мұз астына түсіп кеткен баланың денесі 3 күннен соң табылды
Маңғыстауда 67 жастағы апа “Газель” көлігімен жүк тасып жүр
Вьетнамға жіберілген айғыр тұяғы мүжілгенше екі жыл кешіп туған жеріне қашып келген