8 айлық қызына гүл сыйлаған Қыдырәлі Болманов жұртты сүйсіндірді (видео)
Төрт бірдей атұстардан кейін өмірге келген Аяла Болмановтар үшін нағыз ханшайым. Ата-анасы бастап, ағалары қостап, барлығы Аяланың асты-үстіне түседі, – деп жазады Stan.kz.
Әлі оң-солын танып үлгермегеніне қарамастан, Қыдырәлі мен Қарақат Аялаға әртүрлі сый жасаудан шаршамайды. Бірер күн бұрын Болманов 8 айлық сәбиіне гүл шоқтарын ұсынды. Кереметтей көріністі Әбілдина желідегі парақшасына жүктеді.
“Өмір деген осындай кішкентай ғана әдемі естеліктерден құралмай ма”, – деп бөлісті ол.
Желі оқырмандары Болмановтың ісіне сүйсіне қарады. 2000-ға жуық жан аталған посттың астында жылы-жылы лебіздерін қалдырған.
“Нағыз ер деген осы. Қазір ондай азаматтар аз, Қарақат сіздің жолыңыз болған, мынадай әкені Құдай бере салған ғой, бақыт, махаббат тілеймін”, – деп ақ тілегін жолдады Мая есімді оқырман.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал режиссер жаппай кино түсіруге көшкен әншілерді сынап тастады
Зарина Омарова алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты
Луина алты жыл азаматтық некеде тұрған продюсерімен айырылысты