Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауруханаға жоғары температурамен түскен: 8 айлық сәбидің ата-анасы оның өліміне дәрігерлерді кінәлайды

8 айлық Бехрузаның ата-анасы оның өліміне әлі де сене алмайды. Олар ендігіде дәрігерлерді кінәлап отыр. Баласын аман алып қалу үшін Өзбекстан дәрігерлерін шақырып, арнайы кеңесін алыпты. Бірақ, қазақстандық ақ халаттылар өз беттерінше ем жасаған. Ақырында сегіз айлық бала қайтыс болып кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнасына" сілтеме жасап.

саби

«Балам ауруханаға қызу температурамен түсті. Бізді бірден жан сақтау бөліміне жіберді. Бір туысымыз балама кіргенде мониторингтен науқастың аппаратқа қосылмай тұрғанын көрген. Сол уақытта баламның іші ісіп кеткен», – дейді әкесі. 

Бала аурухананың жан сақтау бөлімінде бір аптадан аса жатқан. Шымкенттік педиатр дәрігерлері болса, оның аман қалатына үміт бермеген. Алайда, сәбидің ата-анасы Ташкентте жүздеген сәбидің өмірін аман алып қалған дәрігерді тауып, оны шақыртқан. 

Ташкент дәрігері балаға демалу үшін кислород кигізуді айтқан. Бірақ шымкенттік ақ халаттылар оны қоймапты. Бехрузаның ата-анасы енді сәбидің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Алайда, ақ халаттылар сәби өте ауыр ауыр жағдайда түскенін және ата-анасының кінә тағуы негізсіз деп отыр. 
 

Талқылау