Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 77-ге келген әжей үйге көмір жағамын деп, немересі уланып көз жұмған

Ақмола облысының Аршалы кентінде бүтіндей бір шағын аудан тұрғындары көпқабатты үйде көмір жағып күн көруде. Әр пәтер иесі үйіне пеш орнатып алған. Оның мұржасы бітеліп, адамдар уланып өлген жағдайлар да болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды.

улану
Шолпан Хамитова жақында 77-ге келеді. Аршалы кентінің №2 шағын ауданында тұратын кейуана көпқабатты үйдегі пәтеріне осылай көмір тасуға мәжбүр. Өйткені 20 жылдан бері оның үйі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған. Жергілікті билікке ол мұны айтқан, бірақ олардан қайыр болмаған соң, үйіне қолдан пеш орнатқан. Өкініштісі сол, өз қолымен жасаған құрылғы немересінің өмірін жалмапты.

"Түнде қайтыс болды. Пеш жағып, пештің түбіне көрпе салып, ұйықтап қалдық. Тұрсам, немерем қасымда... Содан мен тұрып, немеремнің қасына құладым. Иіс тиді. Далаға шықтым, көршілер келді. Сосын қызыма хабарластым. Қызым келді. Бірінші класта болған Анарик", - дейді Аршалы тұрғыны Шолпан Хамитова.



Шағын аудандағы 300-ге жуық пәтер иесі ел аузында "буржуйка" деп атанған пешті қолданады екен. Осы жазда жергілікті билік тұрғындарға "көмір алмаңдар, жылу өткіземіз" деп қуантыпты. Тіпті, 500 адам мекен ететін шағын ауданға құбыр тартқан. Алайда кейіннен шенеуніктер жылу жүйесін пәтерге дейін жеткізу үшін қаржы сұрапты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 20 жылдан бері жылусыз отыру мәселесін, міне, салынып жатқан құбырлар шешуі керек еді. Жазда жергілікті коммуналдық компания жылу құбырларын салған. Бірақ белгісіз себептермен 3 ай өткенде жап-жаңа құбырларды бір жаққа алып бара жатыр.

Аршалы кентінің әкімі осы іске қатысты былай дейді.

"Былай істейік, ЖКХ-ға өз сұрағын айтсын. Мен айта алмаймын. Бұл дұрыс болмайды. Жылутарссасы туралы ЖКХ бөлімі айтсын", - дейді Аршалы кентінің әкімі Ғабдулла Ахметжанов.

Тәптіштеп түсіндірсек, 300 пәтер иесі шапағатын көре алмай отырған шойын құбырлар жергілікті аурухананы жылытуы тиіс. Жобалық-сметалық құжатта кенттегі бас қазандықтан ем-дом мекемесіне дейін жылу жүйесі төте жолмен тартылу керек деп көрсетілігенімен, шенеуіктер оны айналма жолмен жіберіпті. Өйткені құбырлар аурухана жұмысына кедергі болады деп ойлаған. Бірақ күн суытқанда оның жылу ұстау қабілеті нашар екендігін байқап, қайта қазып алған-мыс. Айтпақшы, аталмыш жобаға бюджеттен 18 миллион теңге бөлініпті. Шенеуніктер келесі жылы барлығы ретке келеді дейді.


 

Талқылау