765 мың теңге: Полиция Ақтөбе тұрғынының шетелге демалу үшін алған турының құнын өтеуге мәжбүр болды
Өткен жылдың күзінде Айнұр Нұржанова отбасымен бірге Қызыл теңіз жағалауында демалуға шешім қабылдайды. Сөйтіп Мысырға 765 мың теңгеге жолдама алады. Ол отбасымен бірге жүктерін жинап, демалыс белгіленген күні жергілікті әуежайға келгенде өзінің ұша алмайтынын біледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.
Алайда шекарадағылар оны ұшақ бортына жібермей, шетелдік төлқұжатын тәркілеп алып қояды. Белгілі болғандай, ақтөбеліктің төлқұжаты олардың базасында жоғалған деп есепте тұрған, сондықтан ол жарамсыз болып шығады. Нәтижесінде бүкіл отбасы яғни, жұбайы және екі баласы Айнұрды жалғыз қалдырғылары келмей үйлеріне қайтады.
Осы оқиғадан кейін Нұржанова қандай себеппен қара тізімге енгенін анықтауға шешім қабылдайды.
"Мен төлқұжатымның жоғалғанын айтып, ешқайда барған жоқпын", - деп жазған ол шекара қызметі департаментіне жолдаған сауалында. Осылайша өзінің не себеппен бұндай жағдайға тап болғанын түсіндіруін сұраған.
Ведомство оған "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің мәліметтер базасына төлқұжатының жоғалғаны туралы ақпарат полицияның бастамасымен 2014 жылы түскенін хабарлаған. Алайда облыстық полиция департаменті құжаттандыру жүйесін тексеріп, Нұржанованың төлқұжаты жарамды екенін анықтайды.
Жағдай тек көші-қон басқармасына жүгінгеннен кейін ғана белгілі болған. Ол жерде әйел ведомствоға 2014 жылы жеке куәлігін жоғалтқандықтан жүгінгенін мәлімдейді. Бірақ, әрине төлқұжатының жоғалғаны туралы ақпаратты шекара қызметіне жоғалған ретінде тіркеу мәселесін кім бастағаны айтылмайды. Басқарма бұл туралы акттің сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылғанын хабарлайды.
Бұдан соң Айнұр Нұржанова сотқа жүгінеді. Осылайша жеке куәлікті шатастырған маманның кім екені тек сотта белгілі болады. Оның көші-қон басқармасының қызметкері екені анықталды.
Нәтижесінде Ақтөбе облысының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты полиция департаментіне Нұржановаға 765 мың теңге төлеуге, сондай-ақ жол берілген бұзушылықты жоюға міндеттеді. Полиция облыстық сотқа апелляцияға жүгінгенмен, сот бірінші шешімді күшінде қалдырды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
