Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75 жастағы әжей ауруын жеңу үшін бодибилдерге айналды

Бодибилдинг бойынша өткен жарыста 75 жастағы Оңтүстік Корея тұрғыны екінші орын алды.

Лим Чен-со жұлын стенозынан туындаған ауырсынуды басу үшін спортзалға барған.

«Алғашқы рет ауырсыну болғандықтан, мен жаттығу жасаған кезде айқайладым. Бірақ мен бәріне дайын болдым», - дейді ол.

Әжейдің айтуынша, егер ол қазір шыдамаса, одан да жаман болатынын түсінген.

«Бірде жаттықтырушы менен «аяғың қалай?» деп сұрады. Ол кезде аяғым мүлде ауырмай кеткен еді» - деді Лим.

Осыдан кейін жаттықтырушы оны бодибилдер жарысына қатысуға шақырды. Лим бикини мен биік өкшемен өнер көрсетуге мәжбүр болды, жарыстардың бірінде 38 жастан асқан әйелдер арасында екінші орынды иемденді.

«Мен көптеген адамдар қартайған кезде бар нәрседен бас тартатындығын көремін.  Адамдар мен қартайған адаммын, енді мен ештеңеге жарамаймын деп ойлайды. Мен оларға қартайғанда да бәрінен бас тартудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді. Әркімнің армандары бар, оларға тек ұмтылуды жалғастыру керек», - дейді әжей. 

Салмағы 35 келі қазақстандық әйел бодибилдинг жаттықтырушысы атанды >>>
Талқылау