Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр Сарбасовтың 40 миллион теңге көлеміндегі пара алғаны анықталды

ақмәди сарбасовФото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бұрынғы вице-министрі Ақмади Сарбасовтың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазіргі уақытта пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оған қатысты қамауға алу түріндегі шара қолданылған.  Сонымен қатар онымен бірге тағы екі күдікті бар. Олар бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі және ForteBank АҚ экс-төрағасы. Олар 75 мың доллар алған”, — деді ол.

Айта кетейік, жарияланған пара мөлшері қазіргі бағам бойынша 40 миллион теңгеден асады. 

Айта кетейік, 28 маусымда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың доллар (шамамен 35 миллион теңге) пара беру кезінде Бірінші кредиттік бюро бас директоры Руслан Омаров, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықовты ұстады. Бірінші кредиттік бюро басшылығы қазақстандықтардың жеке дерегін алу үшін еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшылығына жүйелі түрде пара бергені анықталды.

Күдіктілердің үйін тінту барысында 370 мың доллар (191 миллион теңге) және 4,5 млн теңге тәркіленді. 30 маусымда сот санкциясымен үш күдікті 2 айға қамауға алынды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 12:43
Талқылау