Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75%-ы Ресейден келсе де, еліміздегі қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейді

Еліміздегі қанттың  75%-ы Ресейден әкелінсе де, қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қант

Нарық балансына сәйкес, Қазақстанда қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейді.

“Импорттық өнім – 50%. Қанттың негізгі импорты, 75%-ы Ресей Федерациясына, 24,2% Беларуське  тиесілі, осыған байланысты 2022 жылы Ресей мен Беларусьтен қант пен шикі қантты әкетуге тыйым салу Қазақстандағы қант нарығына теріс әсер етті", – делінген баяндамада.

Жамбыл облысында Тараз және Меркі қант зауыттарында және Алматы облысында  Көксу және Ақсу қант зауыттарында қант өндіріледі. Қанттың көтерме сату нарығының 60-қа жуық субъектісі бар. Есепте "Тараз қант зауыты" ЖШС және "Көксу қант зауыты" ЖШС басым орынға ие екендігі атап өтілді.

Қаржы мониторингі агенттігі нарық 90% импортталған қантқа тәуелді деген қорытындыға келді. 

"Отандық қант қант қызылшасынан өндірілген ресейлік және беларусьтік қантпен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз. Сондай-ақ судың болмауына, өңдеуші өндірушілердің айналым қаражаттарының болмауына, өндірістік қуаттардың толық жүктелмеуіне, қант қызылшасы мен импорттық шикі қанттан өндірудің жоғары өзіндік құнына байланысты қызылша өндірісінің сапасы төмен", – делінген талдауда.

Деректерге сәйкес, ҚР-да 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында төрт зауыттың өндіріс көлемі 119,6 млн тоннаға жетті.

Талқылау