Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“72 сағатта үйлену” Адамбаевтың “Сәбина келін” фильмін еске түсірді

“72 сағатта үйлену” фильмі көрермен назарына ұсынылды. Әзірге фильм туралы тек жақсы пікірлер айтылып жатыр. Бір қарағанда үнді киносының романтикасы мен Нұртас Адамбаевтың “Келін” фильмін еске түсіреді. Бұл келіннің рөлін ер адам ойнағанымен байланысты болса керек.

image

Суреттер: Stan.kz

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Аталған фильм ата-анасынан жастай айырылып, атасы мен әжесінің қолында өскен студент жігіттің өмірінен сыр шертеді. Студент Бақыт әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты сүйгеніне қосыла алмай, ауылға қайтады. Бұл сәтте атасы мен әжесі той қамына білек сыбана кірісіп кеткен-ді. Амалсыздан ауыл-ауылды аралап қыз таппаған соң Пшөн атты досына “ұсыныс білдіреді”. Ал ары қарай екі жігіттің махаббат хикаясының қалай ұласқанын өздеріңіз көре жатарсыздар…

3E0A5626[1]

3E0A5624[1]

3E0A5597[1]

Басты рөлдерді Жігер Ауыпбаевтан өзге Динара Абдуллина, Жұлдызай Дүйсенбиева ойнайды. Ал фильмнің режиссері – Еркебұлан Жолдасов. Ол бұған дейін Әсел Сәдуақасова мен Рано Умарова ойнаған «Фуга. Дорога в никуда» фильмін түсірген болатын. Продюсерлері: Жанбек Мәдиев пен Асхат Садырбай. Ал фильмнің “Қазақ қызы” атты саундтрегін Меломен тобы жазған.

3E0A5593[1]

3E0A5620[1]

Жақын күндердің бірінде жол апатына түскен Жігер Ауыпбаев денсаулығы сыр берсе де, фильмнің тұсаукесеріне ата-анасымен және енесімен келген екен.

Әншіден, ең алдымен, фильмге түсу туралы ұсыныстың қалай түскендігі, сомдайтын рөлдің өзіне қаншалықты жақын екендігі туралы сұрағанымызда: “Бұл фильм – менің актерлікке деген алғашқы қадамым. 2014 жылдың жаз айы, ораза кезінде Асхат Садырбай бауырымыз қоңырау шалып, фильм туралы қысқаша мәлімет беріп, басты рөлді сомдауға мені шақырып жатқандығы туралы айтты. Бастапқыда бұл салада тәжірибем болмағандықтан, онша сеніңкіремедім. Өзімнің актер емес екендігімді айттым. Ол кісілер алдын ала мені “сүзгіден өткізген” екен. Үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін де айтқанымда, бауырларымыздың көмектесетіндігін тілге тиек етті”, – деп Меломен тобының әншісі бұл рөлді бір қуанышпен, бір қорқынышпен сомдағандығын жасырмады.

Әншінің айтуынша, өзіне көңілі толмаған жерлері де болған екен. Бұл аталған салада тәжірибесінің аздығымен байланысты болса керек. Бірақ Жігер Ауыпбаев бұдан кейін актерлік шеберліктен сабақ алып, дәл осы салада жүрген жандардың алдында басын иетіндігін айтты.

3E0A5599[1]

3E0A5611[1]

Анасы отбасындағы алты баланың екіншісі Жігер Ауыпбаевтың өте еңбекқор екенін, бүгін шын көңілмен қуанышын бөлісу үшін келгендігін айтты. Ата-анасынан бөлек, фильмнің тұсаукересіне Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Сиви, Ербол Орынбасаров пен Баян Нұрмышева, Бейбіт Кушкалиев, Меломен тобының әншілері және т.б.-лар келді.

3E0A5631[1]

1

Фильмді ақпан айының 11-жұлдызынан бастап, отандық кинотеатрлардан көруге болады.

Талқылау