Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

Қытайдың Санжы облысына қарасты Жемсары ауданында «Қасқырлы сай» деп аталатын аңғар бар. Иаң Шаңшың есімді 71 жастағы қария осы аңғарда қасқыр бағады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20161214164000

Қытайдың Тянь-Шань ақпараттық порталы қасқыр бағатын қарияның өмірімен танысып қайтты.

20161214164016

“Қасқырлы сайда” 8 тұқымнан тараған 150-ден аса қасқыр бар. Қария қасқырлармен күнін көңілді өткізетін көрінеді.

20161214164011

Қарттың айтуынша, ол бөрі тұқымын ең алғаш қазақ досының үйнен көріпті. Шынжырлап байлаулы тұрған бөлтірікке жаны ашып, оны досынан бағуға сұрап алған екен. Оның қасқыр бағуға деген ынтасы осыдан басталған.   Алғашында туыстары қарсылық танытқанымен оның жабайы жыртқышқа деген құмартушылығына ешкім тосқауыл бола алмаған. Бүгінде ол үлкен аңғарды жалға алып, арнайы  бөрі бағатын орынға айналдырған.

20161214164026

Жыртқыштардың азығына жылына 100 мың юан ақша жұмсалады. Бұл шығынды ол өзінің жеке бизнесімен ақтайды.

20161214164030

«Жабайы аңдарда адамдардың жанашырлығын сезінеді және лайықты жауап та қайтарады. Қасқырлар өз сүйіспеншілігін адамға жақындап аяғына оралып, ақырын тістелеу арқылы білдіреді», – дейді қария.

20161214164034

20161214164038

20161214164049

20161214164059

20161214164440

Жіберіп алмаңыз:

Мауглидің шынайы өмірі: пілді аға, қабыланды дос тұтқан бүлдіршіннің таңғажайып оқиғасы (фото)

Көктөбеде келушілер үшін телемұнара ашылды (фото)

35 жастағы азамат екі қасқырды ауласында ит орнына асырап отыр

Қырғызстанда үйге кіріп кеткен қасқыр балаға бас салған

Иесінің күшік кезінен асыраған иті қасқыр болып шыққан (фото)

Талқылау