Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше жұмысын ары қарай жалғастырмақ

70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше ары қарай да жұмыс істей беретінін айтып жатыр.

0эъх

Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлайды.

Бойжеткен дәл қазір төсектес болуға ерекше құмартып жатқанын айтады. Мұнымен қатар, аяғы ауыр әйелдермен төсектес болғанды ұнататын ер азаматтардың барын екенін де жасырмады.

30 жастағы жезөкше АҚШ-та соттық медицина саласы бойынша магистрлік білім алып жатыр. Мұнымен қатар, ол Невададағы борделдердің бірінде жұмыс істейді. Жезкөше желідегі жазбасында өзінен 40 жас үлкен азаматтан сәби күтіп жүргенін айтып қалды. «Қоғам мені жұмысыма бола жек көреді. Жүкті бола тұра жезөкше болып жүргенімді білсе, олар не істер екен?!» – дейді ол.

Саммер Себастян дәл қазір өзін «әріптестерінің» жақтырмай жүргенін айтады. Олар үшін жүкті әйелдің жезөкше болуы жиіркенішті.

«Жүкті болсам да, бұл жұмыс орнымнан кете алмаймын. Өмірімді бұл жерсіз елестету қиын. Оның үстіне жүкті әйелдермен төсектес болуды ұнататын азаматтардың бар екенін жақсы білемін. Ал сәбидің өмірін сақтап қалатыным сөзсіз. Мен өмірді сүйемін! Отбасын құра алатыныма да қуаныштымын. Осы қуанышымды сіздермен бөлісуге асықтым», – дейді ол.

Саммер болашақ сәбиінің жынысын білмейді. Десе де, тұңғышының ұл бала болғанын қалайтынын жасырмады. Ұл бала туған жағдайда есімін Джесси деп қоймақ.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та YouTube арқылы көлік айдауды үйренген бала үш шақырымды жүріп өткен

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Ғалымдар: Мектептердегі тегін таңғы ас баланың оқу үлгерімін арттырады

Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды

Талқылау