Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"70 миллион теңге кетті": Сәкен Майғазиевтің әйелі ұлының үйлену тойына жұмсалған шығынды жасырмады

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары, блогер болып жүрген Динара Майғазиева тойға жұмсалған қаржыны айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі отбасы жақында 800 адамды жинап, жалғыз ұлын үйлендірген еді. Динара Майғазиева журналист Ләйлә Сұлтанқызының подкастында келінімен қонақ болды. 

“Той өте керемет өтті. Құдалығынан бастап, қазақтың жөн-жоралғысын жасадық. 800 адам қатысты. Екі адамнан есептегенде 400 отбасы келді. Өзіміз ойлағаннан жоғары деңгейде өтті. Той шығыны жабылды деп нақты айта алмаймын. Ең бастысы – балалардың бақыты. Құдалығында болатын киіттесуден бастап, сыйлықтарымызды есептегенде 60-70 миллиондай кетті. Кімнің қанша әкелгенін тізімнен көрейін. Сәкеннің жолдастары өте көп көмектесті”, – деді Динара.



Одан кейін ең қымбат сыйлық әкелген қонақтардың да атын атады.

“Шымкенттен келген Сәкеннің жолдастары көлік мінгізді. Әдияға арнап неше түрлі бриллиант көзді бұйымдар сыйлады. Тағы да қонақтарымыз той шашуымыз деп бірнеше жылқы атады. Үйге келсек жылқыны жеткізе алмаймыз деп соғымдай берген кісілерге де рақмет. Жарнама қажет емес деп белгілі кондитер үйлерінің иесі тәттілерін үйіп-төгіп тастады. Осындай дүниелер көп. Бәріңізге алғыс айтамын. Берекесімен жасалған той болды”, – деді Сәкен Майғазиевтің жары.

Еске салайық, Сәкен Майғазиевтың ақылы "онлайн тойы" Мемлекеттік кірістер комитетінің назарын аударғанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 12:11
Талқылау