Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7 мың теңге үшін ұрып кеткен": ШҚО-да зейнеткерге шабуыл жасалды

Риддер қаласында полиция бөлімінің "102" жедел каналына қалалық аурухананың медбикесінен травматология бөліміне 70 жастағы қала тұрғыны дене жарақатымен жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жәбірленуші 14 қаңтарда сағат кешкі он шамасында бетперде киген екі белгісіз ер адам оның үйіне кіріп, дене жарақатын келтірген, содан кейін 7 мың теңге сомасында ақша ұрлағанын айтып шағымданған.


Шымкентте кейуананы қыздары мен күйеу балалары ұрып тастаған 


"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ШҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге қаланың 33 және 44 жастағы тұрғындарын ұстады", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Күдіктілер Риддер қаласының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау