Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 миллионға кроссовер: Қазақстанда CHERY TIGGO 2 автокөлігінің сатылымы басталды

Алматыда "Астана Моторс" құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы жабық баспасөз конференциясында жаңа автокөлік модельін таныстырды.

CHERY TIGGO 2 – қолжетімді, қолайлы әрі ықшамды кроссовер. TIGGO 2 кроссовері стильді әрі заманауи дизайнымен, өтімділігімен, үнемділігімен, жоғары жайлылық пен қауіпсіздік деңгейімен ерекшеленеді. TIGGO 2 көлемі 1,5 л, қуаты 109 а.к. атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған. Ал CVT вариаторы қозғалтқыш қуатын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 

CHERY TIGGO 2 жергілікті аймақтың жағдайларына бейімделген. Мәселен салонға кондиционер мен алдыңғы орындықтардың жылытқышы орнатылған. TIGGO 2 мультимедиа жүйесі Apple CarPlay және дауыспен басқарылатын QDlink қолданбаларымен, 4 динамикті аудиожүйемен бірігеді. Автокөлік орталықтан басқарылатын құлыппен, электрлі әйнеккөтергіштермен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған. 

Ең бастысы TIGGO 2 өз иесіне стиль, сенімділік, қауіпсіздік және күнделікті пайдалану мен сатып алу сәтінде үнемділікті сыйлайды. CHERY TIGGO 2 сатылымдары 25 шілдеде басталды. Модель тек Premium жинақтамасында болады.

"Алғашқы 300 автокөлік 7 миллон теңгегеден сатылады. Одан кейін бұл акция автокөлікті Trade in арқылы сатып алу үшін қолданылады. Бір түсті нұсқадағы автокөлік 7,49 млн теңге болса, екі түстен құралған нұсқасының бағасы 7,69 млн теңгені құрайды. Бұл автокөлікті Қытайдан импорттайтынымызға, барлық салықтар мен алымдарды төлейтінімізге қарамастан қазақстандық нарыққа осындай тиімді бағамен ұсынып отырмыз. Біз TIGGO 2 моделін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жаңа мультибрендті зауытында шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір оның құрылысы жүріп жатыр және зауыт 2025 жылы іске қосылады. Демек алдағы уақытта Қазақстанда шығарылған осы бір автокөліктің құны локализация есебінен төмендейді", – деп атап өтті дистрибуция директоры Нұрлан Шамғонов.

CHERY-дің ресми дистрибьюторы – First Motor Group компаниясы Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның дилерлік орталықтарында TIGGO-ның бүкіл желісі ұсынылған. 

"Сатылымдардағы статистикамыз қазақстандықтарға үлкен автокөліктердің ұнайтынын көрсетті. Мәселен ауқымды 8 PRO және 7 PRO автокөліктері сатылымның жоғарғы сұраныстарына ие. Дегенмен нарықтағы сатып алушылар аудиториясы біртіндеп өзгеріп келеді. Бүгінде заманауи, ықшам, стильді әрі қымбат емес модельді қалайтын жастар көбейіп келеді. Сондықтан біз нарыққа осындай барыстың ең кішкентай түрін шығаруды ұйғардық. Оның техникалық қасиеттері мен басқару тетігі көптің жүрегін жаулап алары сөзсіз", – деді Нұрлан Шамғонов.

Жақынырақ танысып, тест-драйвқа жазылып және жаңа модельді сатып алу үшін бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан CHERY ресми дилерлік орталықтарына хабарласуға болады.