Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 адам зардап шекті: Шымкентте жол апатынан зардап шеккен жүкті әйел ауыр халде жатыр

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр.

Жол апатынан зардап шеккен 7 адамның екеуі – жас келіншек пен жас жігіт. Олар жансақтау бөліміне жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аяғы ауыр әйелдің жүктілігіне 26-27 апта болған. Ол қатты соққыдан екіге бөлініп қалған Opel көлігінің ішінде отырған.

Оның Нұрсәт есімді 2 жасар баласы да жарақат алып, балалар ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты 14 наурыз күні кешкілік уақытта болды. Opel мен ВМW көліктеріг қақтығысып, көліктің бірі екіге бөлініп қалды. Жол апатынан барлығы 7 адам зардап шекті.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қымбат көлік бойжеткенді қағып өлтірді

Қазақстандықтар бұдан былай қоқыстарын бірнеше бөлікке сұрыптап тастауы тиіс болады

Жерімді тегін берем деген қазақ жігіті оны кімге табыстағанын айтты

Талқылау