Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7-8 облыс әкімі бар": Депутат Базарбек министрліктен жер саласын цифрландыруға кедергі жасап жатқан әкімдерді атауын талап етті

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек жер саласында цирфландыруға назар аудармай 7-8 облыс әкімі барын айтып, олардың бұл әрекетін сынады. Осы мәселені көтерген депутат Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ақпаратты жасырып отырған әкімдер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Базарбек минисрлікке өңір әкімдерін нақты атап беруін талап етті.

"Біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры базасын енгіздік. Яғни жер сласында цифрландыруды жалғастырып жатырмыз. Оны Цифрлық даму министрлігі мен мемлекеттік корпорация іске асырып жатыр. Кейбір облыс және қала әкімдіктері цифрландыруға кедергі жасап жатқаны байқалды. Олар кейбір ақпаратты бермей, уақытын созып келеді. Тіпті, кейбір ақпаратты жасырып отыр. Мендегі ақпарат бойынша бұл тізімге 7-8 облыстың әкімі кірді. Жалпы, осы өңірлердің әкімдерін нақты атаңыздар. Оларды тексеріп, жауапқа тарту керек. Облыс және қала әкімдерінің аты-жөнін атаңыздар", - деді ол.

Депутаттың сұрағына жауап берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов  бұл ақапаратты жоққа шығармады. Оның айтуынша, кейбір әкімдіктер тиісті деңгейде ақпарат бермейді.

"Расымен де кейде жергілікті атқарушы органдар толық ақпаратты жібермейтін жағдайлар  кездеседі.  Біз сауал жолдап, ақпаратты толықтырып жатамыз. Біз өз құзыретіміз шегінде жазбаша жауап беруге дайынбыз", - деп жауап берді вице-министр Тұрысов.

Талқылау