Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7-20-25: Қазақстанның қай өңірінде баспанаға деген сұраныс жоғары

Еліміздің қай өңірінде халық арасында баспанаға деген сұраныс жоғары екені белгілі болды. Мұндай мәліметтермен Қазақстанның орнықтылық қоры бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үй

Қазақстанның орнықтылық қорының мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйге сұраныс жоғары аймақтар рейтингіндегі алғашқы үштікте Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары орналасыпты. Мәселен, “7-20-25” ипотекалық бағдарламасы бойынша 20 138 елордалық үй алуға өтініш білдірсе, Алматыда 16 955 тұрғын, Шымкентте 6855 азамат ипотекаға жүгінген. 

Алғашқы бестікте үш ірі мегаполистен бөлек, Ақтөбе және Қарағанды облыстары табан тіреген. Аталған өңірлерде, сәйкесінше, 3476 және 3227 азамат баспана тұрғын ие ипотекасына өтініш жолдаған. 

Сонымен қатар пәтерге сұраныс жоғары аймақтар қатарында Қостанай (3119 өтініш), Шығыс Қазақстан (2928 өтініш), Маңғыстау (2928 өтініш) және Батыс Қазақстан (2407 өтініш) облыстары бар. 

Ондықтың көшін Ақмола облысы аяқтап тұр: өңір тұрғындарынан үй алуға 2165 өтініш келіп түскен. 

Жалпы алғанда, "7-20-25" бағдарламасына осы уақытқа дейін 72116 қазақстандық тұрғын үй алуға өтініш білдірген. 

инфографика

Айта кетсек, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы еліміздің аумағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту мақсатында құрылған. Бағдарламаның арқасында қазақстандықтар жаңадан салынған үйлерді сатып алу мүмкіндігін иеленді. "7-20-25" бағдарламасының операторы – “Қазақстанның орнықтылық қоры” АҚ. 

"7-20-25" бағдарламасы тиімді әрі төмен 7%-дық мөлшерлемесімен ипотека ұсынады. Ал бастапқы жарна баспана сомасының 20%-ын құрайды. Бұл тұрғыда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары тұрғын үй құны 25 миллион теңгеден, Қарағанды қаласы үшін 20 миллион теңгеден және басқа да аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керектігін атап өткен жөн. Ипотека мерзімі 25 жылға дейін жетеді. 

Бүгінде бағдарлама бойынша ипотека алу үшін мына банктерге жүгінуге болады: 

  • ЦентрКредит Банкі;
  • Сбербанк Қазақстан;
  • Қазақстанның Халық банкі;
  • Еуразиялық Банкі;
  • Jusan Bank;
  • Bank RBK;
  • Forte Bank;
  • Altyn bank.

Ипотека рәсімдеуді жоспарлаған азаматтарға мынадай талаптар қойылады: 

  1. ҚР азаматы болуы; 
  2. Ел аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы; 
  3. Тұрақты табысының болуы; 
  4. Басқа да ипотекалық кредиттерінің болмауы.
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр