6G-дің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды

Samsung сарапшылары алтыншы буын байланысын жаппай іске қосу 2030 жылдан басталады дейді. Компания сайтында жарияланған есепте 6G байланысын тарату мерзімі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

6G

Корей компаниясының болжамы бойынша, 6G стандартын әзірлеуді аяқтау және оны коммерцияландыру 2028 жылы, жаппай коммерциялық іске қосу — 2030 жылы басталуы мүмкін.

Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) 2021 жылы алтыншы буын байланысының техникалық стандарттарын анықтайтын болады. 6g Samsung-тың негізгі тұтынушылары адам мен көлік  екені айтылды.

Компания мамандары жаңа стандартты енгізумен иммерсивті толықтырылған шынайылық (xr), жоғары сапалы мобильді голограммалар және сандық репликация сияқты сервистер пайда болады деп сендірді. 6g қызметін жүзеге асыру талаптарының басты санаттары өнімділік, желі архитектурасы және сенімділік деп аталады.

Samsung 6G-дің ең жоғары деректерді беру жылдамдығын секундына 1000 гигабит деңгейінде 100 микросекундтан аз кідірте отырып бағалайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр