67 жастағы әйел 40 жылдан бері жапан даладағы аралда жалғыз тұрады (фото)
67 жастағы Зои Лукас есімді әйел Канададағы Сейбл аралында 40 жылдан бері жалғыз тұрады.
Бұл туралы The Sun хабарлайды.
Ол осында алғаш рет 21 жастағы студент қызбен бірге келген кезде, аралды қатты ұнатып қалыпты. “Мен сонда барғым келді де тұрдаы. Алғашында сонда жайылатын жылқылар үшін келгім келді” дейді ол.
Ол өзіне апта сайын азық-түлік алдыртып тұрады. Ал туған қаласы Галифаксқа зерттеуші әйел тым сирек барады. Аралға адамдар қайықпен немесе чартерлік ұшақтармен ғана бара алады.
Әйел күні бойы аралдың экологиясын зерттеп, аттардың сүйектерін жинайды.
Осы арқылы жылқылардың тіршілік белгісі жоқ мекенде қалай өмір сүріп жатқанын анықтауға ниетті. Сейбл аралына аттар 18 ғасырда ауылшаруашылық жұмыстары үшін әкелініпті. Ал 2013 жылы бұл арал ұлттық қорыққа айналған.
Ол осы 40 жыл ішінде жағалаудан тоңазытқыш, жүк контейнерінен түсіп қалған бұрыштар, әуе шарының қалдықтары секілді заттар тауып алған.
Оқи отырыңыз:
Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды (фото)
2025 жылы біздің асүйіміз қандай болады (фото)
Өзге баланың екі қолы салынған балақай бейсбол ойнауды үйреніп жүр (фото)