Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

67 жастағы Сапарбаевқа не себепті коронавирусқа қарсы вакцина егуге рұқсат етілді: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың вакцинациядан кейін өзін қалай сезінетінін айтты.

Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев 67 жаста, бұл жас вакцинаның қарсы көрсеткіші болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18-ге толмаған және 65-тен жоғары адамдар коронавирусқа қарсы вакцинацияланбайды. Осы ретте журналистер 67 жастағы әкім Сапарбаевқа не себепті вакцина егілгенін сұрады.

«Әкім өзін өте жақсы, жігерлі сезінеді. Өз міндеттерімен айналысып жатыр. Клиникалық сынақтың демеушісі вакцинаны жасаушылар. Денсаулық сақтау министрлігі осы кезеңде көрсеткіштерді анықтамайды. Еріктілерді жалдау кезінде, құжаттарды толтыру кезінде, ерікті түрде негізделген келісім-шарт бойынша, адамдар зерттеуге қатыса алады және вакцина алады. Ұсынылған - 18-ден 65 жасқа дейінгі жас шектеулерін клиникалық зерттеулер барысында қайта қарауға болады», - деді вице-министр Марат Шоранов.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in қазақстандық вакцинаcын қабылады.

Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді. Әлеуметтік желі қолданушылары Сапарбаевты "өтірік" вакцинация жасады деп айыптады.

Талқылау