6,7 миллиард теңге: Air Astana компаниясына айыппұл салынды
Air Astana әуе компаниясына әкімшілік айыппұл салынды. Тексеру барысында әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек компания жұмысына агенттік көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп тексеру жүргізген. Бұған халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде (жазғы демалыс кезеңінде) қатты сынға алуы себеп болып отыр.
“Тексеру қорытындысы бойынша Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды. 2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға қатысты 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды”, - делінген ақпаратта.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
