Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

63 жастағы діни қызметкер 12 жасар қызға үйленген

Ганада 63 жастағы ықпалды діни қызметкер 12 жасар қызға үйленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: bbc.com

XXXIII Нуумо Боркети Лав Цуру қызға 30 наурыз күні үйленген. Салтанатты шараға жергілікті тұрғындар қатысыпты. Тойға келген әйелдер жас қалыңдықты некелік міндеттерге дайын болуға, діни қызметкерге жыныстық жағынан тартымды болу үшін киініп, хош иісті иіс себуге шақырған. Тойдың видеолары тек 18 жастан бастап некеге тұруға рұқсат етілген Гана тұрғындарының наразылығын тудырды. 

Полиция азаматтардың үндеуіне жауап берді. Тәртіп сақшылары қызды тауып, анасымен бірге қамқорлыққа алды. Полицейлер тергеу барысында қызға көмек көрсететін балалар істері министрі мен әлеуметтік қорғау департаментіне де хабарласқан.

Қыз да, діни қызметкер де кіретін Нунгуа қауымдастығының жетекшілері үйлену тойын сынағандарды "надандар" деп атады. Олар қыздың діни қызметкер әйелі ретіндегі рөлі "таза дәстүр мен әдет" екенін атап өтті. Қауымдастық жетекшілерінің айтуынша, қыз алты жыл бұрын діни қызметкердің әйелі болу үшін қажетті рәсімдерді жасап дайындала бастаған. Олар бұл оның білім алуына кедергі жасамайтынын атап өтті.

Талқылау