Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

63 қырғыз мерт болды: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы болған қақтығыс салдарынан қарапайым халық та зардап шекті

Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан қырғызстандықтардың саны 63-ке жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

қырғыз әскері

Осыған дейін қақтығыс салдарынан Қырғызстанда 62 адам мерт болғаны айтылған еді. Кейін ол 63-ке жетті.

“63-ші адам – қарапайым тұрғын. Туыстары оны шекарадағы оқиғадан кейін бірден жерлеген. Сол себепті осы уақытқа дейін ол қаза тапқандардың тізімінде болмады”, – дейді денсаулық сақтау министрлігі ведомоствасы.

Қаза тапқандардың арасында 50 әскери қызметші мен 13 бейбіт тұрғын бар. 195 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған 13 бала жарақат алды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары Баткен облысының шекаралас жерінде қарулы қақтығысқа түсті. Тараптар бір-бірін оқ жаудырды, соның ішінде ауыр техниканы қолданды деп айыптады.

Кейін екі елдің арнайы қызметтерінің басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келді, бірақ бірнеше сағаттан кейін тараптар бір-бірін режимді бұзды деп айыптады.

Содан соң тәжік-қырғыз жұмыс топтарының келіссөздері өтті. Тараптар әскери күштерді шекарадан алып шығу және болған оқиғаның себептерін тексеру жөнінде комиссия құру туралы уағдаласты.

Талқылау