61 миллион теңге: Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-қызметкері түрмеге отырмау үшін айыппұл төлеуге келісті
Костанайда жемқорлық жасағаны үшін сотталған ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері Жанысбек Кенесбеков 61 миллион 250 мың теңге көлеміндегі айыппұлды бірден төлеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Кеңесбековті қарамағындағы қызметкер Амангелді Құлмұханбетов ұстап берген. Құлмұхамбетов бастығының үнемі ақша талап еткенін, Костанайға келген кездегі қонақ үйдегі люкс номерлерін төлеп бергенін алға тартқан.
Сот барысында Кенесбековтың Атырау, Қарағанды, Қызылорда секілді филиал директорларынан да ақша талап еткені анықталды. Мемлекеттік айыптау тарапынан 1 миллион 750 мың теңге көлемінде айып тағылды. Бұл тек дәлелденген сома ғана.
Өскемен әкімі пара алғаны үшін сотталған экс-шенеунікке медаль таққан
Кенесбеков 7-12 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін еді. Ол кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасауды ұсынды. Келісім нәтижесінде үлкен мөлшерде айыппұл төлеп, түрмеден құтылу мүмкіндігіне ие болды.
Сот №2 Костанайдағы судья Анара Шаймурунова сотталушыдан 35 есе айыппұлды 10 күн ішінде төлеу қажеттігін айтты. Кенесбеков түрмеге түспеу үшін бұл сомманы төлеуге дайын екенін айтты.
Еске салсақ, осыған дейін шенеуніктер тұрғындарды солтүстік өңірлерге көшіру құжатын жасап, 1 миллиард теңге жымқырғанын жазғанбыз.