Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"600 мың теңге": Қайрат Нұртас алаяқтардан зиян шекті

Қайрат Нұртас алаяқтардан зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

600 мың теңге: Қайрат Нұртас алаяқтардан зардап шектіТанымал әнші өзінің атын жамылып, байқау ұйымдастырған алаяқтардан зардап шекті. Жалған атпен парақша ашып, жұрттан ақша жинап алып, тайып тұрған қылмыскерлер туралы өнер иесінің анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Продюсер жұртқа алданып қалмаңыздар деп ескерту жасаған. 

"Мына өтірік парақшалар жұртты алдап, біздің атымызды пайдаланып табыс көзге айналдыруы күннен-күнге көбейіп жатыр. Былтырғы жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салуда. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер сенуші болмаңыздар", - деп ескертті продюсер. 

Қайраттың анасының айтуы бойынша, әлдекімдер былтыр жасалған жарнаманы биыл жаңа парақша ашып, әншінің атынан жүктеген. Ал бұл парақшаға сеніп қалған жұрт алаяқтарға ақша аударып, ақыры соңында қаражатсыз қалған.

"Жарнама жасайтын болсақ, міндетті түрде өз парақшамызға саламыз. Ақшаларынан айрылып, шырылдап күйіп-пісіп жатқандар көбеюде. Алданып қалмаңыздар! Біздің нағыз парақшамызда көк галочка бар екенін ұмытпаңыздар", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Талқылау