Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

600-ге жуық адамды алдаған: Түркістан облысында қаржылық пирамида анықталды

Түркістан облысында "Не работа" қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бір жыл ішінде аталған ұйымға 600-ге жуық азамат 80,4 млн теңге аударғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пирамида

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2 қаржы пирамидасының жолын кескен. Анықталған қылмыстық істің біреуі Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тергеу реттілігі бойынша жолданған. Ал бір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

"Түркістан облысында "Не работа" деген қаржы пирамидасына қатысты тіркелген қылмыстық іс негізінде тергеп-тексеру амаларды жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ойын бизнесі есебінде көрсете отырып, салымшыларға интернет арқылы пайда табуды ұсынған. М. есімді азаматтың банк есеп-шоттарына талдау жүргізіп, нәтижесінде 2019 жылдың 11 қарашасы мен 2021 жылдың 21 қыркүйегі аралығында 586-дан астам жеке тұлғаның 80,4 мнл теңге аударғаны анықталды", – деді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев.

Назархан Уән
Жұма, 29 Сәуір, 2022 16:41
Талқылау