60 жастағы танымал актриса: Барлық еркектер мені қалайды
Кәсіби мансабында 40-тан астам киноға түскен, әсіресе “Сто дней до приказа” фильмінен кейін сұлулығы шартарапты кезген белгілі ресейлік актриса Елена Кондулайнен шығармашылығы және өмірі туралы пікір білдірді.
Бұл туралы dni.ru хабарлайды.
“Қазір мәңгілік жастықты іздеген екінші Екатеринаның рөлін ойнап жатырмын. Оның себебі де белгілі. Себебі ханшайымның көңілдестері көп болған. Менде де аз емес. Себебі рөлге кірігу керек ғой. Барлық еркектер мені қалайды”, – дейді актриса.
Бірақ, актриса мен үшін қазіргі таңда бастысы сыртқы келбет емес, шығармашылығым дейді.
“Қазір мені қуантатын нәрсе сырт келбетім мен дене бітіміме емес, шығармашылығыма айтылған бағалаулар. Соңғы кездері ән жазуға деген әуестігім артып жүр”, – дейді Елена Кондулайнен.
Журналист, ұлының анасының жалаңаш бейнесін қалай қабылдайтынын да сұрапты.
“Ол менімен мақтанады. Егер шынымды айтсам ұлым менің жалаңаш сәттерімді көрмеген шығар деп ойлаймын”, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған
Ресейдің бір облысын түгелдей қар басып қалды (фото)
Оскар сыйлығын үш рет жеңіп алған актер енді киноға түспейтін болды
Небәрі бір әйелі бар: Сауд Арабиясының жаңа тақ мұрагері туралы қызықты деректер