60 жастағы модель жағажай киімінің жарнамасына түсті
Тегі француздық 60 жастағы америкалық модель Ясмина Росси The Land of Women x The Dreslyn жарнамалық компаниясының жаңа жағажай киімдерін таныстыру топтамасына атсалысты.
Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.
Фотосессияға түсер алдында ол үшін арнайы ақ түсті жағажай киімдері таңдап алынған. Модель мүлде макияж қолданбаған.
“Бұл әйелдің бойында денсаулық пен энергия бар”, – дейді The Dreslyn өкілдері. Жаңа топтаманың киімдері сатылымға да шығып үлгерді. Бағалары 155-375 доллар аралығында.
Ясмина Росси – әлемдегі ең жасы келген модельдердің бірі. Ол Yves Saint Laurent, Hermes, Marks & Spencer және Jil Sander брендтерімен бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ, модель Macy’s универмагының тауарларын жарнамлап, MasterCard-тың да бет-бейнесі болған.
Талқылау