Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 молаға залал келген: Кеңсай зиратында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласындағы "Кеңсай" шағын ауданында болған өрттен молаларға зиян келген, қазір өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазгидромет" мекемесінің дауылды ескертуіне сәйкес Алматы қаласының маңында төтенше өрт қаупі жағдайы сақталады. Осыған байланысты қаланың өрт сөндіру қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын патрульдеу шарасы ұйымдастырылады. Барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі және департаменттің жеке құрамының 100-ден астам маманы дайын", - деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов.

"Кеше Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Медеу аудандық прокуратура қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр", –  деді Самат Асаинов.

Қалалық ТЖД басшысы орынбасарының айтуынша, өрт салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ және материалдық шығын келмеген.

ТЖД басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, осы күнге дейін жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлескен 190 рейд ұйымдастырылды.

"Рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтамаған 117 адам әкімшілік жазаға тартылды. Қазір біздің өңірде өрт қаупі жағдайы сақталып тұр. Өздеріңіз білетіндей, кеше тау бөктерінде 2 өрт шықты, яғни "Кеңсай" шағын ауданында 1 гектар құрғақ шөп жанды. Тілсіз жауды ауыздықтауға жел және аймақтың таулы болуы кедергі келтірді. Өрттің салдарынан "Кеңсай" зиратында 60 мола зардап шекті. Одан бөлек, Көктөбе маңынан да өрт шықты. Мамандар тілсіз жауды 1 сағаттың шамасында ауыздықтады", – дейді ол.

Сондай-ақ спикер өрт салдарынан адам зардабы мен шығынының болмағанын айтты.

 Алматыдағы өртке байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі деөртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов түсінік берді.

"Алматыдағы өрттердің шығуына екі себеп қарастырылып отыр. Бірі – өрт абайсызда шығуы мүмкін немесе өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу. Екі жағдай бойынша төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігі қызметкерлері анықтау жұмысын жүргізеді. Егер кінәлі тұлғалар анықталса, олар жауапқа тартылады", – деді ТЖМ өкілі.

Талқылау