6 жасында қос қолынан айырылған тараздық азамат аяқ астынан баспаналы болды (видео)
«Харекет» қайырымдылық қоры қос қолынан айырылған Мағжан Асылбекұлына Тараз қаласынан баспана алып берді. Ер адамға баспананың кілті «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке-4» рухани кешінде табысталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Сүйінші, 9-ыншы үйді иесіне тапсырдық. Қадірлі ағайын! Алла Тағаланың қалауымен Тараз қаласынан алынған бұл баспана Мағжан Асылбекұлына бұйырды. Оқыс оқиға себебінен 6 жасында қос қолынан айырылған бауырымыз бұл күнде отбасылы, бір қызы бар.
Үй кілті «Өнер қырандары» театрының Алматы қаласындағы «Берекелі мереке – 4» атты рухани кешінде тапсырылды. Игілікті іске үлес қосқан барша ағайынға алғысымыз шексіз. Алла разы болсын!» – деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары қиын жағдайда қалған жандарға көмек көрсетіп, баспана алып беріп жатқан қайырымдылық қорына ризашылықтарын білдіріп, істерінің алға басуын тілесіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Сарапшы еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы заңды сынады