"6 ағам шетінеп кеткен": Опера әншісі Марья Мудряк алғаш рет жан сырын ақтарды
Танымал опера әншісі Марья Мудряк отбасы мен жеке өмірін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сұхбаттан скрин
Өнер иесі журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, балалық шағынан сыр шертті.
“Менің ата-анам жарық дүние сыйлап қана қоймай, керемет жетістікке жеткізген адамдар. Менің алдымда алты ағам шетінеп кеткесін, ұзақ күттіріп келген баламын. Бала күнімнен-ақ менімен ақылдасып, пікірімді сұрайтын. Түрлі үйірмелерге барып, жастайымнан спортпен де айналыстым. Олар менің өсіп-өнуім үшін жеке өмірлерін, тіпті, мансаптарын ысырып қойды. Бәлкім мен ұзақ күткен балалары болған соң, солай шығар. Жетінші баласы болып мен туып, тірі қалғанда әке-шешемнің төбесі көкке жеткенше қуанған. Сондықтан, менің талантымды шыңдау үшін барын берді. Біз Миланға анам екеуміз аттандық. Әкем туған жеріміз Павлодарда қалып, жұмыс істеді. Бүкіл айлығын бізге жіберіп тұрды. Сол кезде анам екеуміздің қалтамызда 700 еуро ғана болатын. Тіпті, анам қатты уайымдағанынан 15-17 келідей салмақ тастады”, – деді опера әншісі.
-
"Жалғыз қызым қалды": 95 жасқа толған Бибігүл Төлегенова жан сырын ақтарды
-
Қазақстан авторлар қоғамы танымал әншілерге “іздеу” жариялады
Сондай-ақ, өнер иесі шетелдегі өмірін де баяндап берді.
“Анам екеуміз өте қатты қиналдық. Италияға барғанда тіл білмедік. Ақшамыз да аз болды. Мектепке қабылданғанда тек отырып қайтатын едім. Өйткені италиян тілін білмедім. Сабақтан келіп, үйге келіп жылаймын. Мен мына тілді үйрене алмайтын шығармын деп ойладым. Анам сол кезде қолдау білдіретін. “Маша, саған бүкіл ел үміт артып отыр. Сен елімізді танытатын жұлдызсың” дейтін. Содан кейін орнымнан тұрып, көз жасымды сүртуші едім. Арманыма қаншалықты қол жеткізсем, соншалықты қиын жолдардан өттім”, – деді Марья Мудряк.
Еске салайық, опера әншісі осыдан үш жыл бұрын Павлодар облысында көлік апатына ұшырағанын жазған едік.