Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

58 жастағы теміртаулық әйел "ВКонтакте" желісіндегі жазбасы үшін қамауға алынды

Теміртаудың 58 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде тыйым салынған экстремистік бағыттағы діни мазмұндағы жазбаларды жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"58 жастағы әйел "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған экстремистік бағыттағы діни уағыз тарататын бейне, аудио және мәтіндік материалдарды көпшіліктің назарына ұсынған. Полиция факт бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдарды діни сараптау орталығына жіберді", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сараптама нәтижелері бойынша 58 жастағы әйелге қатысты әкімшілік кодекстің 453-бабының 4-бөлігімен "Зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған ақпарат пен материалдар бар, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты емес басқа өнімдерді өндіру, сақтау, әкелу, тасымалдау және Қазақстанға тарату" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Заң бұзушы азаматшаға Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен шамамен 300 мың теңге айыппұл салынды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2020 11:24
Талқылау