Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

56 жастағы әйел өз немересіне жүкті болған

АҚШ-тың Юта штатының тұрғыны өз баласы үшін суррогат ана болып, немересіне жүкті болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап. 

Нэнси Хаактың сөзінше, ұлы Джефф пен келіні Камбрия бірнеше жыл бедеулікпен күресіп, екі рет жасанды ұрықтандыруға жүгінген. Нәтижесінде олар төрт баланы дүниеге әкеліпті. Алайда жүктілік ауырлағандықтан, Камбрияның жатырын алып тастаған. Дегенмен Камбрия мен күйеуі бесінші баланы дүниеге әкелуді армандапты. 

Ұлы мен келінінің қалауы туралы білген Хаак оларға суррогат ана болуды ұсынған. Бастапқыда әйел жасына байланысты мұның мүмкін екеніне сенімсіз болғанын айтады. Дегенмен тексерістен кейін ешқандай кедергі жоқ екенін біліпті. Нәтижесінде мамырда әйелдің жүкті екені анықталған. 

"Жақсы көретін және барлығына дайын анамның барына алғыс айтамын. Ол отбасы үшін осындай құрбандыққа барды", – деді Джефф.

Талқылау