52 адамның өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар бойынша департаменті 52 адамның өмірін қиған өрттің шығу себебін айтты. Департамент баспасөз қызметінің өкілі Виталий Синевтің сөзіне сүйенсек, өртке автобуста болған қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Сондай-ақ, автобуста көп мөлшерде жағармай болған болуы мүмкін. Сондықтан да көлік бірден алапат өртке оранған. Жолай бекетке тоқтай бермеу үшін жағармайды артығымен алған деген болжам айтылды.
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, автобус жаңадан жабдықталғандықтан, жолаушылар терезеден шыға алмаған.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 10.30 шамасында “Икарус” жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалып отыр, қолдарын ғана күйік шалған.
Оқи отырыңыз:
52 адам қазасы: Ақтөбеде автобуста зардап шеккендердің есімі белгілі болды
Астанада жолға таласқандар 30 жастағы жігітті пышақтап, өлтіріп кетті
52 адам көз жұмды: Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті (видео)
Атырау облысында бойжеткен пойыз астына түсіп аяғынан айырылды