52 адам көз жұмды: Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті (видео)
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, 50-ден аса адам мерт болды.
Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары мен комиссия мүшелері келіп жетті. 5 адамды жеңіл деңгейдегі күйік шалды.
“52 жолаушы қаза болды. 5 адамды күйік шалды”, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов. Автобуста 57 адам болған. Оның үшеуі Қазақстан азаматы, қалғаны Өзбекстан азаматтары.
Оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандардың бәрі Өзбекстан азаматтары.
Желіде өртенген автобустың видеосы тарап кетті. Желіге Асқар Ақтілеу есімді қолданушы жүктеді.
Тағы да оқыңыз:
Депутат министрге: Қазақстандағы бетон қапталған тасжолдарда жол апаты көп болады
Петропавлда автобусқа отырған әйел адам көз жұмды
Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты