Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

52 адам қазасы: Ақтөбеде автобуста зардап шеккендердің есімі белгілі болды

Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге апара жатыр.

Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров бар. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі  Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан  Мырзахметов.

Sputnik Қазақстанға облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің жетекшісі  Әсия Тржанова хабарлағандай, үш адам аман-сау, екі адамды жеңіл күйік шалған.

“Біздің дәрігерлер оларды қарап жатыр, алдын ала мәлімет бойынша, ауруханаға жатқызуға қажеттілік жоқ. Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді”, — деді Тржанова.

Бұған дейін апаттан 25 адам қаза тауып, 5 адамды күйік шалғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыз:

Депутат министрге: Қазақстандағы бетон қапталған тасжолдарда жол апаты көп болады

Петропавлда автобусқа отырған әйел адам көз жұмды

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Талқылау