Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

51 жастағы модель қарттықпен күресудің құпия әдісін айтты

Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін көпбалалы австралиялық әйел мінсіз дене бітімінің сырын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Maxim журналының мәліметтері бойынша ең сексуалды 100 модель тізімінде тұрған 51 жастағы Джина Стюарт өзінің Instagram парақшасында үнемі ашық киімдермен түскен суреттерін жариялап отырады. Олардың бірінде әйел денесінің жалаңаш жерлерін көрпемен жауып, іш киімсіз суретке түседі. Осы суретінің астына қарттықпен күресудің жолын жазған.

Оның сөзінше, киімсіз ұйықтау ұзақ уақыт бойы жастық пен денсаулықты сақтауға көмектеседі, өйткені ол қан айналымын жақсартады, бұл жүрек пен бұлшықетке жағымды әсер етеді.

"Сапалы ұйқы қартаюға қарсы қасиеттері бар өсу гормоны мен мелатониннің шығарылуын арттырады. Бұл гормондар күшті тырнақтар мен сау, таза тері үшін өте қажет, сондықтан әдемі көрінгіңіз келсе, шешініп жатыңыз!" – деп кеңес берді Стюарт.

Сондай-ақ ол жалаңаш ұйықтау күйзелісті азайтады және психикалық жағдайға жақсы әсер етеді дейді. 

Модельдің ұсынысы желі қолданушыларына да ұнап қалған. Олар: “Керемет, сөз жоқ”, “Маған да киімсіз ұйықтаған ұнайды”, “Керемет кейіптесіз”, – деді.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 20 Наурыз, 2022 17:52
Талқылау