Соңғы жаңалықтар

51 жастағы әйел өз немересіне жүкті болды

АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны бедеуліктен зардап шегетін қызына бала тууға көмектесіп, өз немересі үшін суррогат ана болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

29 жастағы Бреанна Локвуд және оның күйеуі Аарон төрт жылдан бері балалы болуды армандап келеді. Олар 2016 жылы үйлену тойынан кейін әрекет ете бастады, бірақ бір жылдан соң дәрігерлер оларды жасанды ұрықтандыру клиникасына жіберді. Отбасы экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін 73 мың доллар жұмсады және Локвуд екі рет сәтті жүкті болды, бірақ ретте де баласын түсіріп алды. Осыған байланысты Бреаннада Ашерман синдромы дамыды - жатырдың ішінде тыртық пайда болған кезде сирек кездесетін ауру, одан әйел басқа бала көтере алмайды.

Локвудтың 51 жастағы анасы Джулия Лавинг қызына оның баласы үшін суррогат ана болуды ұсынды. Бастапқыда Локвуд бұл ұсынысқа мән бермеді, бірақ кейінірек келісті. АҚШ-та суррогат ананың жасы 35-ке дейін болуы керек. Алайда, жақсы денсаулық жағдайы Лавингке ерекшелік жасауға мүмкіндік берді - америкалық әйел өзіне қарап, марафондар мен триатлонға үнемі қатысқан.

2020 жылы наурызда Лавинг өзінің немересіне сәтті жүкті болды. Бала қараша айында дүниеге келеді деп болжанады. Бірнеше аптадан соң олар сәбидің жынысын біледі. Ерлі-зайыптылар Лавингтің қасында тұрады және оған барлық жағынан көмектеседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр