51 шөбере сүйген әженің келіні Наурыз көжені 4 түрлі тағамнан әзірлеуді ұсынды (фото)
Он үш жасында тұрмысқа шығып, 51 шөбере сүйген Дәмелі әже бүгінде келіндеріне түрлі ас әзірлеуді үйретіп отыр. Кейуана арнайы Stan.kz оқырмандары үшін келінімен бірге Наурыз көже әзірледі.
Наурыз көженің дайындалу әдісін Дәмелі әженің ең кенже келіні Зибахан ханым көрсетеді. Ол аталған тағам түріне тек табиғи өнімдерді қосатынын айтып жатыр. Өзі жас болса да, Зибахан ханым алты баланың анасы. Енесі секілді «Батыр ана» атағының иегері. Ал көжені әзірлеу үшін бізге ет, қатық, құрт және арпа қажет.
1. Алдымен, етті үш жарым сағат бойы қайнатамыз.
2. Сорпаға қатық қосып араластырамыз.
3. Көженің сорпасы қою болуы үшін құртты жартылай суға езіп қосамыз.
4. Артынша піскен арпаны саламыз.
5. Барлығын салған соң сорпаның суығанын күтеміз.
6. Осымен Наурыз көже дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
«Осы тұста Наурыз көженің тек табиғи өнімдерден жасалуын да ескеруіміз қажет. Мысалы, біз ешуақытта дүкеннің айранын немесе қатығын қоспаймыз. Ол дүкенге келгенше сан рет өңделіп, өзінің құнарын жоғалтады. Ал бүгінгі қарапайым көжеміздің денсаулыққа пайдасы зор. Барша Қазақтан халқын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаратқан әрбір отбасыға тыныштық пен береке-байлық сыйласын. Енелер мен келіндер әрдайым тату болсын! Бейбіт заманда дүниеге келер балапандарымыз көп болғай!» – дейді Зибахан ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақтың Қарын бүрмесін заманға сай әдіспен, үйде пісіріп көріңіз (фото)
Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық
Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?
Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?