Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 17:02

Бүгін мамырдың 24-і күні “Сымбат” сән академиясының “Манхеттен” залында ұмыт қалған қазақ ұлттық тағамдары мен жаңа фольклорлық киімдердің таныстырылымы өтті. Аталған шарада мейрамхана аспаздары, колледж студенттері мен ұстаздары ұлттық тағамдар әзірлеп, келген қонақтарға дәм татқызды. Артынша сайыс жеңімпаздарына түрлі сый беріліп, аспаздар үздік деп танылған тағамдардың рецептісімен бөлісті. Дәмі тіл үйірген тағамдардың ішінен  “өрме төстік” көзге түсті. Себебі, бұл ас күнделікті тұрмыста көп әзірленбейді.

333

Ал ерекше асты дайындау әдісін шараға қатысқан Stan.kz тілшісі біліп қайтты.

Ерекше әдіспен жасалатын бұл тағам Наурыз мерекесі қарсаңында әзірленеді. Тағам міндетті түрде өрілген аш ішектің ішіне салынады. Оны дайындау үшін бізге келесідегідей азық-түліктер қажет:

– қойдың төсі;

– қойдың бүйені;

– аш ішек;

– көк пияз;

– сарымсақ;

– қара бұрыш;

– тұз.

222

  1. Жаңа сойылған қойдың төсін алып, жақсылап тұздаймыз. Артынша бұрыш себеміз.
  2. Сарымсақты майдалап турап ішіне саламыз.
  3. Бірнеше көк пияз саламыз.
  4. Төсті жақсылап ораймыз.
  5. Оралған төсті бүйенге салып, шетін жіппен тігеміз.
  6. Аш ішекті бес саусағымызға орап өреміз. Осы өрілген ішекке бүйендегі тағамымызды саламыз.
  7. Кәстрөлге суық су құйып, шамамен 1,5-2 сағат уақыт қайнатамыз.

1

Өрме төсті ішіне салатын көкөністерін алмастыру арқылы түрліше әзірлеуге болады. Отандық мейрамханаларда оның ішіне көк пияз бен сарымсақтың орнына сәбіз бен сары өрік салып жатады.

Тағамымыз әзір болған соң шетіне аскөк пен көк пияз қойып әрлейміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Аталған сайыста бірінші орынды иеленген Әуезов ауданының “Алматы облысы қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі” 2017 жылы Астана қаласында өтетін EXPO көрмесінде шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатын болады. Екінші орынды Әбдрахманова Ратгүл Түгелбайқызы иеленсе, үшінші орын Чумакова Лаураға бұйырды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар