500 теңгедегі шағалаға қатысты жанжал: Фотограф сотқа жүгінбек
Швейцариялық фотограф Марсель Буркард қазақстандық ақшада бейнеленген суреттің өзінікі екенін таныған.
Бұл туралы фотограф желідегі парақшасында жазды. Айтуынша шағаланың суреті википедияда автордың рұқстымен көрсетілген.
«Кеше ғана Қазақстанның Ұлттық банкі теңге шығарғаны жайлы естідім. Ондағы шағаланың суреті ел алдында біразға дейін сөз болған. Ұлттық банк банкноттағы шағаланың ұрланғанын жоққа шығарды. Алайда желіден суреттің 3 түпнұсқасы табылды», – дейді ол.
Фотограф өз құқығын қорғайтынын ескертеді. Ұлттық банктың мәлімдеуінше, суретшінің жұмыс түрінің бірі – натурамен жұмыс істеу. Натура ретінде сурет ғаламтордан да алынуы мүмкін екен.
Ұлттық банк жақында жаңартып, айналымға шығарған бес жүз теңге жұрттың сынына ұшыраған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Бензин тапшылығы үшін жұмысынан қуылған Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды
Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр