500 мың теңге: Мұқасан Шахзадаев ең қымбат көзілдірігі қанша тұратынын айтты
Сахнаға көзілдірік киіп шығатын әншілердің қатарында Мұқасан Шахзадаев бар. Өнер иесі көзілдірікке бала күнінен қызыққанын айтады. Алайда сахнаға алғаш шыққан жылдары "Бауыржан-шоу" театрының басшысы мұндай стильге қарсы болыпты. Ал бүгінде әншінің гардеробындағы ең қымбат көзілдірігі жарты миллион теңге тұрады екен. Бұл туралы Шахзадаев "Таңғы студио" бағдарламасында айтты.

Өнер иесінің айтуынша, ешкім еріккеннен көзілдірік кимейді. Біреу мұны сән үшін, ал енді біреу бет-әлпеттегі ақауды жасыру үшін істейді. Осы орайда әнші қазіргі уақытта 8-ге жуық көзілдірігі бар екенін, олардың ең қымбаты 500 мың теңге тұратынын айтып қалды.
"500 мың теңгеге барады-ау деймін. Осыдан 10-15 жыл бұрын көзімдегідей көзілдірікті 185 мың теңгеге алғанмын. Сөйтіп ауылда бір концерт болып жатты. Сол кезде қасымда еріп жүрген бір кішкентай бала "Аға, мына көзілдірігіңізді маған естелікке тастап кетіңізші" деді. Берген жоқпын. Берген күннің өзінде ол бала мұның қадірін білмейтін еді. Мен оған "Інім, мен мынаны бере алмаймын. Бірақ мен саған қай жерден болса да сатып алып беремін" дедім. Оған басқа көзілдірік алып бердім", - деп еске алды әнші.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды