Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

500 миллион АҚШ доллары: Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға ақша бөледі

Дүниежүзілік банктің Директорлар кеңесі Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан үшін дайындалған «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба шарты бойынша республикаға мал шаруашылығын жан-жақты дамытуға 500 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Банк әзірлеген жоспар 5 жыл ішінде - 2021 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек. Осы кезеңде Қазақстан қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбестен, мал етін өндірудің экспортқа бағытталған секторын дамытуға және көбейтуге міндетті. Жобаны іске асыруда Қазақстан үшін мүлдем жаңа қаржы құралы - нәтижеге бағытталған бағдарлама (НББ) несиесі қолданылады. Бұл механизм қарыз алушыға қаражат келісілген нәтижеге жеткен кезде ғана төленетін болады. Жобаның негізгі нәтижесі ветеринарлық қызметтер мен жануарларды тіркеуді жақсарту және ет саласы үшін тиімді агроэкологиялық саясат орнату.

Қазіргі уақытта несие келісіміне қол қою қадамы күзге жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, экспорт пен бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты өсуі үшін бақылау жүйесі жасалады, ветеринария қызметі жаңғыртылып, сиыр етін өсірумен айналысатын фермерлердің біліктілігін арттыру жүйесі құрылады. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру мақсаты көзделіп отыр. Бордақылау алаңдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын 20 мыңнан астам отбасылық фермаларды құруды қолдау жоспарда бар.

 

Талқылау