Қаржы пирамидасы бөліп төлеу арқылы үй алуды ұсынып 500-ден аса адамды сан соқтырды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "UILI BOLAYIK" (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы пирамидасы халықты алдап, әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы арқылы мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.
“Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15–30% көлемінде табыс және әр шақырылған адам үшін 10% бонус уәде етілген. Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал "UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының" есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған”, – делінген хабарламада.
200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған
Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды.
Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
