50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің атасы мен әжесі 50 жыл отасқан алтын тойларын дүркіетіп атап өтуде, деп хабарлайды Stan.kz.
Белгілі болғандай, Димаштың ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан 50 жыл бұрын қаңтардың 6-сы күні шаңырақ көтеріпті. Бұл туралы Димаштың әжесі Instagram желісіндегі парақшасында жазып, үйлену тойындағы суретін жариялады.
Ал осынау айтулы күнді атап өтудің орайы енді келсе керек, Айтбаевтар әулетінде кешеден бері той жиыны тарқар емес. Күні кеше Димаштың ата-әжесі алтын тойларының алдында қонағасын берген.
Бұл туралы желіде жазған Айған Жолдасова қонағасы кезінен видео жариялады. Белгілі болғандай, Айтбаевтардың әулетіндегі тойға 50 жыл бұрын куәгер болған қыз жолдас пен жігіт жолдас та келген екен.
«Алыстан келген курстастары аға-апамызға керемет тілектерін айтты. Жастық шақтарын естеріне түсіріп, жігіт жолдас пен қыз жолдас өлеңдерін оқып, керемет отырыс болды. Ақ баталарыңызды алып, бізге де осындай алтын той нәсіп етсін!» – деп жазды Айған Жолдасова.
Ал бүгін Айтбаевтар әулеті Ақтөбеде дүбірлетіп той өткізіп жатыр. Бұл қуанышқа өнер жұлдыздары да жиналыпты.
Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай да той қонақтарының қатарынан табылған. Әншілер той кезінде түсірліген видеоны жариялап та үлгерді.
«Алтын той құтты болсын! Ата-ананың алтын тойын көру, тойлау бір бақыт емеспе? Той тойға ұлассын!» – деп ізгі ниетін білдірді Мирас пен Құралай Instagram желісіндегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
59 жастағы Мадонна жалаңаш түскен суретін жариялады (фото)
Замирадан төсек қатынасы туралы сұраған журналисті әріптестері арсыз деп атады (видео)