Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"50 жылдан бері нөмері бірінші әнші": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның мақтауын асырды

әли оқапов әнші Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/

Танымал әнші, музыкант Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі анасын басқа өнерпаздардан биік қойды.

“Роза Рымбаева – аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол – факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның орнын басады деді. Өкінішке қарай 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын – Роза Рымбаева", – деді ол.



Желі қолданушылары анасын асыра мақтаған әншіні сынап жатыр.

“Шешесін ғана мақтап, қалғандарын төмендетіп отыр”, “Розаның дәурені баяғыда бітті", "Роза Бағланова нөмірі бірінші", "1-Мақпал, 2-Роза", "Мен Роза Рымбаеваны тыңдамаймын", "Шындық, мойындау керек", "Еңбегі ерен, бірақ іштарлық бар", "Мақпалға жететін әнші жоқ", – деп жазды көпшілік.

@kezdesushow Сұхбаттың толық нұсқасын “KEZDESU” ютуб арнасынан көріңіздер! #әлиоқапов #алиокапов #розарымбаева #kezdesu #kezdesushow ♬ оригинальный звук - kezdesu
STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 15:31
Талқылау