Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жастағы ананың ұлдарымен түскен суреті жұртты шулатты (фото)

50 жасында 25 жастағы қыздай көрінетін ана өзін ұлдарының сүйіктісі деп ойлағандарға ренжіп жүр. Десе де, мінсіз дене сымбатының мақтануға тұрарлық екенін жасырмайды.

Джакарта қаласының тұрғыны Деви Пуспа жуырда өзінің 50 жас мерей тойын атап өтті. Жұрт кейде оны жас қыз деп ойлап қалады екен. Расымен де, Деви өз жасынан екі есе жас көрінеді. Оған ең көбі 25 жас беруге болады.

Деви – кәсіпкер. Оның инстаграм желісінде 250 мың оқырманы бар. Айтуынша, мұндай тамаша дене сымбатына жаттығулар мен дұрыс тамақтанудың, бақыттың арқасында жеткен екен.

“Адамдар менің жасым ұлғайған сайын, керісінше жас көрінетінімді айтады. Олардың сөздерінің жаны бар. Себебі, мен дәл қазір бақыттымын. Балаларым өсті. Өзім сүйікті ісіммен айналысып, бизнес аштым. Адамдарға қуаныштан артық берерім жоқ”, – дейді ол.

Деви қыз-келіншектерді аэробика, жүзу, бадминтон сынды спорт түрлерімен айналысуға шақырады. Жуырда жұрт оның ұлдарымен бірге түскен суретін көріп шулаған болатын.

Осы шудың арқасында Деви бизнесте үлкен табысқа жеткен. HadiGenetics-те ол өзінің жаттығу жоспарымен және күнделікті қандай аспен тамақтанатынымен бөлісіп отырады екен.

Мұнымен қатар, Деви қатаң тамақтану тәртібін сақтайды екен. Сырт келбетінің мінсіздігінің арқасында Деви телевидениеге жиі шақырту алады.

 

Талқылау