Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"50% скидкамен өзім ұзатамын": Айдар Тұрғамбек әжесіне ұсыныс айтып күлдірді

Айдар Тұрғамбек әжесіне ұсыныс айтып күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

50% скидкамен өзім ұзатамын

"Жігіттер" квартетінің солисі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, Алматыдан Шымкентке ұшақпен келгенде бастан кешкен оқиғасын айтып берді. Әнші ата мен апаның жанына отырып, күлкіге қарық болған. Шал алып қашпасын деген әжейге өзім ұзатамын деп жауап берген екен ол. 

"Шымкентке келгенше апа-атамен керемет әңгіме-дүкен құрдық. Апам "Қасымдағы кісіні менің шалым деп ойлап қалатын болды ғой адамдар" дейді. "Шалдар алып қашып жүрмесін, бойдақ екенімді біліп" деп атама да тиісіп қояды. Мен "Сізді 50% скидкамен өзім ұзатамын" дедім", - дейді Айдар Тұрғанбек. 

Мұны көрген жұрт күлкіге қарық болғанын айтты. Олар қарттар туралы пікірін жазып, ойларын ортаға салды. 

"Атамыз аламын десе, тегін ұзатамын демедің бе", "Керемет осылай қарттарымыздың көңілін көтеріп жүргенге не жетсін, жарайсың", "Ай, апамның ойы біраз жерде екен. Шал жас-ау апама қарағанда", - десті жұрт. 

Талқылау