AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 сыныптың тек 10-ында терезе бар: Атырау облысының шенеуніктері оқушыларды әбігерге салған "терезесіз мектеп" үшін жазаланды

Аудандық білім бөлімінің басшысы мен Атырау облысы Жылыой аудан әкімінің орынбасары терезесі жоқ мектептің жұмыс жасап тұрғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

школа окно

Бұған дейін ата-аналар балаларының 18 жыл бұрын салынған білім ошағында демалатын мүмкіндігі жоқ екенін айтып, шағымданған. Қапырық сыныптарда оқушылар үнемі терлеп, содан кейін ауырады. Осыған байланысты олардың көпшілігі балаларын мектепке жіберуден бас тартады.

"Нұр Отан" партиясы мектепті тексергеннен кейін бұл ғимарат 2003 жылы пайдалануға берілгенін анықтаған. 50 сыныптың тек 10-ында ғана терезе бар. Бұдан бөлек мектептегі желдету жүйесі мүлдем жұмыс істемейді.
Мұғалімдердің айтуынша, олар мүмкіндігінше әдебиет, әлем тарихы секілді ауызша пәндерді сыртта өтуге тырысады, себебі балалар тар әрі ыстық сыныптарда ақпаратты қабылдамайды.

"Партияның Жылыой аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қыркүйек айының соңына дейін қайта құру бойынша терезелерді қайта жабдықтау бойынша жұмыстарды және қазан айының соңына дейін желдету жүйесі жұмыстарын бір реттілікке қою ұсынылды", – деді партияның Атырау облыстық филиалында.

Сонымен қатар партия филиалының ақпаратына сәйкес, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қақпанбаевты партия қатарынан шығарып, аудан әкімінің орынбасары А.Шәкіровті ескерту түрінде партиялық жауапкершілікке тарту айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жылыой ауданындағы білім ордасын ерекше үлгіде жобалаймыз деген сәулетшілер ғимаратқа терезе салмағанын, соның салдарынан оқушыларға ауа жетпей жатқаны жазылған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр